Шот ашу
 

Банк шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметтер

АҚ "Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі" банктік шоттардың келесі түрлерін ашу және жүргізу бойынша қызметтерді ұсынады:

1) ағымдағы шоттар;

2) жинақ шоттары;

3) корреспонденттік шоттар.

Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес банк шоты ұлттық валютада (теңгеде), юаньда, АҚШ долларында және Банк жұмыс істей алатын басқа да валюталарда ашылуы мүмкін.

Банк шоттарын ашу және жүргізу Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Шотты ашу және жүргізу процесінде Банк Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес клиенттен (оның өкілінен, бенефициарлық меншік иесінен) тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдайды, қажет болған жағдайда клиенттен қосымша құжаттама мен мәліметтерді сұратады;егер клиент ұсынған ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Банктің ішкі саясатына сәйкес келмесе, Банктің Клиентке Іскерлік қатынастар орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тартуға құқығы бар.

Шот ашу үшін қажетті құжаттар тізімі бойынша ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:

+7(727) 237-70-71 (072 081 083), +7 777 799 55 88


Жеке тұлғаның ағымдағы шотына ҚОСЫЛУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ >>

Жеке тұлғаның шот ашуға арналған Өтініш- Сауалнамасы >>


【Close】